КЕМБРИДЖ СЕРТИФИКАТЫ

Құрметті  Газалиев мырза,

40 жылдан астам уақыт бойы Халықаралық библиографиялық орталығы Кембридж қаласы және ғылыми білім беру және зерттеудің атақты орталығына айналған Кембридж университетімен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Бұған дейін ХБО аталған қалаға және Кембридж университеті өткізген халықаралық конференциялар мен форумдарға демеуші ретінде үнемі қолдау көрсетіп келді. Бұл қарым-қатынасымыз болашақта да жалғасын табады.

Ұзақ жылғы байланысымыз бен ықпалдастығымызды нығайту мақсатында мен, ХБО директоры, жоғары ғылыми табыстар үшін әлем елдерінің ғалымдарына КЕМБРИДЖ СЕРТИФИКАТ-ын ұсынуды жөн көрдім. Оны әлем елдерінің марапатқа лайықты ғалымдары ғана иелене алады. Бұл сертификат ХБО тарапынан жарияланған халықаралық басылымдарда ғылыми материалдары жарық көрген  ғылыми-теориялық орта және кәсіпорын қауымдастықтарымен біріге еңбек ететін 1000 ғалымға берілуі мүмкін.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Мен Сіздің қысқаша библиографиялық очеркіңізбен таныстым. Осыған орай Сіздің есіміңізді КЕМБРИДЖ СЕРТИФИКАТ-ына лайықты ғалым деп ерекше көрсеткім келеді. Жеке зерттеуіме қарай, Сіз бұған дейін де көптеген ұйымдар тарапынан марапаттарға ие болғансыз. Алайда бұл марапаттың өзгелерге қарағанда маңызы мен құндылығымен ерекшеленетіндігін айрықша атап өткім келеді. Сондықтан осы ұсынысым жайлы ойыңызды білдірсеңіз деген өтінішім бар. Бұл марапат орынсыз берілмейді және Сізге және Сіздің халықаралық қауымдастыққа тікелей қатысуыңыз нәтижесінде ғана ұсынылады.

КЕМБРИДЖ СЕРТИФИКАТ-ының өлшемі 11×16 дюйм және ол тікелей менің нұсқауыммен ХБО-да сізге арнайы бөлінеді. Суретте көрсетілгендей, сертификатқа менің, яғни, ХБО-ның директорының қолы қойылады. Онда Сіздің халықаралық ғылыми қауымдастықта алатын орныңызға сәйкес есіміңіз толық жазылады. Сертификатқа берілген күні қойылып, мөр басылады және ерекшелігін дәлелдеу үшін нөмірленеді. Сіздің тілегіңізге орай, біз оны қызыл ағаш рамаға орнатып береміз. Ол Сізге ХБО тарапынан пошта арқылы жіберіледі немесе қалауыңызға қарай, Кембридждегі ХБО-ның бас басқармасында өтетін алдын-ала жоспарланған марапаттау рәсіміне келсеңіз, өз тарапымнан ұсынылады.

Осы марапат жайлы пікіріңізді маған жеке білдіруіңізді өтінемін. Жауабыңызды күтемін!

 

Ізгі ниетпен әрі құрметпен,

Бас директор Nicholas S.Law

 

1

2