ҚарМТУ Ректоры

Ректор

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Еңбек Қызыл Ту орденді Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің тамаша дәстүрлері мен айтулы тарихы бар. 1953 жылдан бастап оның қабырғасында 70 мыңнан астам жоғары білікті мамандар даярланды.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Университетімізде жоғары инженерлік білім негіздерін алғаны біз үшін ерекше мақтаныш.

1972 ж. ҚарМТУ мамандарды дайындаудағы жоғары жетістіктері мен ғылыми зерттеулерде қол жеткізген нәтижелері үшін Мерейтойлық Құрмет белгісімен, 1976 жылы Еңбеу Қызыл Ту орденімен, екі рет – 1976 және 1981 ж. Қазақстанның Алтын Құрмет кітабына енгізілген. 1980 ж. Қарағанды политехникалық институты М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен қатар социалистік жарыс жеңімпазы болды және оған ауыспалы Қызыл Ту берілді. 2008 жылы ҚарМТУ ҚР Президенті сыйлығының байқауына белсенді қатысқаны үшін «Алтын сапа» құрмет грамотасымен марапатталды.

ҚарМТУ – бакалаврлар, магистрлар және докторанттар үшін оқу бағдарламаларын таңдау мүмкіндігі бар ЖОО.

ҚарМТУ-да Орталық және Солтүстік Қазақстанның 86 жүйе құраушы өнеркәсіптік кәсіпорындарын біріктіретін Қазақстандағы тұңғыш Корпоративтік университет құрылды. 1 ҒЗИ, 35 ҒЗЗ, 3 ғылыми-техникалық орталықты, Студенттік инновациялар орталығын, құрамында инновациялық қызметтің ең үлкен ғылыми босалқы дайындамаларына және тәжірибесіне ие 6 ғылыми-зерттеу зертханасы және 4 инновациялық кәсіпорын қызмет атқаратын Инженерлік бейіндегі зертхана мен «ПОЛИТЕХ» технопаркін қамтитын біріктірілген Университеттік инновациялық ғылыми-техникалық кешен ұйымдастырылды. Кешенді ҚарМТУ-ға ықшам орналастыру үшін жалпы ауданы 4000м2 «Хай Тек» жоғары технологиялар аймағы құрылған.

ҚарМТУ-да оқытудың дуалды жүйесі аясында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында сұранысқа ие – тау-кен, телекоммуникация, машинажасау, құрылыс және дәнекерлеу бағыттары бойынша 6 жұмысшы мамандықтарының орталығы, сондай-ақ, оқу-ғылыми-өндірістік бірлестіктер: «Дуалды техникалық білім беру», «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналды шаруашылығын жаңғырту», «Металлургия», «Көлік», «Энергетика» және «Дуалды әскери білім беру» құрылды.

ҚарМТУ базасында Қазақстандағы бірден бір «Қазақстан дәнекерлеу институты» құрылған. Оның мақсаты – халықаралық деңгейдегі мамандар мен мұнай-газ және өнеркәсіп саласындағы қазіргі дәнекерлеу технологиялары трансфертін дайындау. Институт «ESAB» (Швеция), «КЕМРРI» (Финляндия), «LINCOLN ЕLЕСТRIC» (АҚШ) сияқты әлемдік өндірушілердің дәнекерлеу және мультимедиялық кешендерімен жабдықталған қазіргі заманғы ғылыми және оқу-техникалық кешен болып табылады. 2013 жылдың қарашасында кәсіпорындар (Арселор Миттал Теміртау, Қарашығанақ Петролеум, Ерсай, Богатырь Көмір және т.б.) тапсырысы бойынша даярланған дәнекерлеу қызметкерлерінің, техниктерінің және инженерлерінің алғашқы түлектері оқуларын аяқтады.

Университетте қазіргі жабдықтармен жабдықталған электронды оқу залдары, мұражай, Ш.Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» орталығы, академик А.С.Сағынов атындағы «ҚарМТУ инновациялары» көрмесі жұмыс істейді.

Еліміздегі ең үздік әскери кафедралардың бірі негізінде Қазақстанда алғаш рет Әскери-техникалық факультет ашылды.

Соңғы жылдары Университет Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі өз ұстанымдарын айтарлықтай нығайтты. Оның қарқынды дамуына ЖОО-ға жетекшілік ету, Корпоративтік Университет, Электронды Университет, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев өнегесінде Патриоттық тәрбие беру, электронды пошта арқылы жұмыс істейтін ата-аналар комитеті, Студентердің өзін-өзі басқаруы бірегей модельдерін әзірлеу және пратикаға табысты енгізу жағдай жасады.

Патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасы ҚР Парламенті Мәжілісінде екі мәрте талқыланып, ҚР Президенті Әкімшілігіндегі, ҚР Білім және ғылым министрлігіндегі, ҚР Қорғаныс министрлігіндегі, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісіндегі мамандар тарапынан жоғарыға бағаға ие болды.

Тәрбие беру жұмысы мен жастар саясатының маңыздылығы ескеріле отырып, ҚарМТУ-да жастармен жұмыс жасауда тәрбие беру және әлеуметтік жұмыстардың барлық оң жақтарын қамтитын студенттер және жастар ұйымдарының қауымдастығы, ҚарМТУ студенттерінің «Жас Орда» кәсіподағы құрылған.

Мамандарды даярлау сапасын жақсартуға Болон процесінің принциптерін іске асыру мүмкіндік береді. Болон декларациясының негізі ҚарМТУ 2009 ж. күзінде қол қойған Университеттердің Ұлы Хартиясы болып табылады. Университеттердің Ұлы Хартиясына қатысу – ЖОО-ны әлемдік білім беру кеңістігіне біріктіру жолдарын талқылауға арналған диалог алаңы.

Университеттің халықаралық ынтымақтастығы әлем бойынша оқу және академиялық құрылымдармен серіктестікте басымдық болып табылады.

Университет Америка, Европа және ТМД-ның ірі ЖОО-лары: Луизиан техникалық университеті (АҚШ), Фрайберг тау-кен академиясы (Германия), Томск политехникалық университеті, РХДУ, МЭИ, Мәскеу болат және қорытпа институтымен және т.б. қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыруда. Бүгінгі таңда университет АҚШ, Канада, Ұлыбритании, Ресей, Германия, Франция, Украина, Чехия, Беларусь, Қытаймен және әлемнің басқа елдерімен, сондай-ақ, әлемдік ТОП-30 және ТОП-500 рейтингіне кіретін ЖОО-лармен (Гонконг университеті, Альберт университеті және т.б.) ынтымақтастық туралы 170 астам келісім-шарт пен меморандум жасасты. ҚарМТУ магистранттары, докторанттары шетелдің ЖОО-ларында ғылыми машықтанудан, ҚарМТУ ПОҚ  біліктілікті көтеру курстарынан, машықтанудан өтеді, студенттер академиялық мобильділік бағдарламалары бойынша және қос дипломды білім беру бағдарламалары аясында білім алады. Бүгінгі таңда ҚарМТУ-дың 100 жуық студенті мен магистранты «Болашақ» бағдарламалары және ДААД бойынша АҚШ, Англияның, Францияның, Германияның, Кореяның үздік университеттерінде білім алуда.

Университет TEMPUS, Erasmus Mundus, СИНЕРГИЯ, УНИВЕРСИТЕТ ШОС халықаралық білім беру жобаларына қатысады.

ҚарМТУ жанындағы қытай тілін дамыту жөніндегі Бас басқармамен бірлесіп Конфуций институты ұйымдастырылды.

2011 жылы ғаламдық испандық вебометриктік рейтингінің (Webometrics) мәліметтері бойынша ҚарМТУ әлемнің 5000 үздік университеттерінің қатарына кіреді. 2013 жылы «Ranking Web of World universities: Top 12000 world Ranking» рейтингінде ҚарМТУ 3453 орынды иеленді – бұл Қазақстан бойынша ең үздік нәтиже. Жоғары оқу орындары үшін әзірленген және әлем бойынша 2 678 ЖОО, оның ішінде 23 қазақстандық ЖОО қатысқан Еуроодақ стандарты бойынша өткізілетін «Еурорейтинг – 2013» нәтижелері бойынша ҚарМТУ Қазақстан ЖОО-лары арасында үздік бестік қатарына кіреді.

Біздің ЖОО стратегиялық мақсаты – жоғары сапалы білім беретін және түлектері әлем бойынша сұранысқа ие болатын инновациялық-зерттеу университетін құру.