Сагинтаева Сауле Саветовна
Басқарма Төрағасы – Ректор
Экономика ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, математика профессоры.
Білімі:
- М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (1987) математика мамандығы бойынша;
- Қазақ КСР Ғылым Академиясының Математика және механика институтының мақсатты аспирантурасы (1991).
Еңбек өтілі:
- Қарағанды Еңбек Қызыл Ту Орденді политехникалық институтының тағылымгер-зерттеушісі (1987-1989);
- ҚР ҒА Математика және механика институтының математикалық талдау зертханасының жетекші инженері; ҚР ҒА Теориялық және қолданбалы математика институтының Математикалық талдау зертханасының кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері (1991-1997);
- Еуразиялық нарық институтының аға оқытушысы, оқу ісі жөніндегі проректоры (1997-2000);
- Қазақ мемлекеттік басқару академиясы Филиалының оқу ісі жөніндегі проректоры; Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Экономика және қаржы институтының ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры; «Информатика және қолданбалы экономика» кафедрасының меңгерушісі, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры (2000-2016);
- «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ ректоры (2017-2023);
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің штаттан тыс кеңесшісі (06.2023-08.2023);
- «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі — академиялық мәселелер жөніндегі проректоры (08.2023-03.2024);
- «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры (04.2024 – қазіргі уақытқа дейін).